23.08.2025 21:18
7
Криштиану Роналду рекорд орнатты
23.08.2025 21:18
7
Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапындағы 100-голын соқты
Саудия Суперкубогы финалы аясында өткен кездесуде Роналду «Әл-Ахли» қақпасын пенальтиден дәл көздеді.
Алайда матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, пенальти сериясында (3:5) Эр-Риядтың клубы жеңіліп қалды.
Осылайша, португалиялық шабуылшы төрт клуб пен ұлттық құрама сапында 100-ден аса гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды.
40 жастағы шабуылшы мансабында жалпы 934 мәрте қақпа торын тулатқан.