23.08.2025 19:41

5

«Әл-Наср» Саудия Суперкубогында жеңіліс тапты

23.08.2025 19:41

5

Саудия Суперкубогының финалында «Әл-Наср» «Әл-Ахлиге» есе жіберді

Гонконгта өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында (5:3) Джидданың клубы басым түсті.

«Әл-Наср» сапында Криштиану Роналду мен Марсело Брозович гол соқса, «Әл-Ахли» құрамында Франк Кесси мен Роджер Ибаньес дараланды.

Ал матч соңындағы пенальти сериясында Абдулла Әл-Хайбари өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Еске салсақ, Роналду бастаған ұжым былтыр да Ел Суперкубогының финалында жеңіліс тапқан. Бір жыл бұрын «Әл-Хиләл» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram