23.08.2025 17:01

Хулиан Альварес ат басын АПЛ-ге бұруы мүмкін

23.08.2025 17:01

«Атлетико» футболшысы Хулиан Альварес мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

SunSport басылымының мәліметінше, «Арсенал» аргентиналық шабуылшыны жарақат алған Кай Хаверцтің орнын лайықты түрде баса алатын ойыншы ретінде көреді.

Осыған дейін, Хаверц тізесін жарақаттап алып, белгісіз мерзімге қатардан шыққан еді.

Айта кетейік, Альварес биылғы маусымда бір гол соғып үлгерді. Ла Лиганың 1-туры аясында өткен «Эспаньолға» (1:2) қарсы ойында мергендігімен көзге түсті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram