06.09.2025 13:24

Роналду араб тілін меңгеріп жүр

06.09.2025 13:24

«Әл-Наср» қорғаушысы Сәлем Абдула әл-Наджи Криштиану Роналду жайлы сөз қозғады

Оның айтуынша, португалиялық дүлдүл араб тілінде үш сөзді жаттап алған екен.

— «Саудия чемпионатындағы жұлдыздарға қарап бой түзейміз. Роналдудан үлгі аламыз. Ол тіпті біздің тілде үш сөзді біледі. Криштиану «қайырлы күн», «рақмет», «өтініш» деген сөздерді арабша айтып жүр»,– деді футболшы.

Роналду «Әл-Наср» намысын 2023 жылдың қаңтар айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 108 ойын өткізіп, 95 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram