06.09.2025 14:26

Роналдудан «шапалақ жеген» жанкүйер пікір білдірді

06.09.2025 14:26

Криштиану Роналду бетінен салып қалған жанкүйер оқиғаға қатысты пікір білдірді

— «Шапалақ жедім», бірақ бұл да бір ғанибет екен», – деді фанат.

Оқиға Португалия құрамасы орналасқан Еревандағы қонақүйде орын алған болатын. Роналдудың жанкүйері кумирімен естелік суретке түсуге талпынған. Алайда, Криштиану жігіттің бетінен итеріп жіберді.

Айта кетейік, Роналду бастаған Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Арменияға қонаққа барады. Кездесу бүгін, 6 қыркүйек сағат 21:00-ге жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram