07.09.2025 08:32

Кингсли Коман Франция құрамасына шақырту алды

07.09.2025 08:32

Франция футбол федерациясы Кингсли Команның құрамаға шақырту алғанын хабарлады.

Осман Дембеле (6 апта) мен Дезире Дуэ (4 апта) бұлшық ет жарақатына байланысты қатардан шығып қалған еді.

Осыған байланысты олардың орнына Дидье Дешам Сауд Арабиясынан Кингсли Команды шақыртты.

«Әл-Наср» ойыншысы бүгін, 7 қыркүйек, Франция құрамасының Клерфонтендегі қосынына қосылады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram