06.09.2025 19:13

Дембеле қатардан шықты

06.09.2025 19:13

ПСЖ дүлдүлі Осман Дембеле жарақат алды

Франциялық шабуылшы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Украинаға (2:0) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты, алты аптаға жуық алаңға шыға алмайды. Соның салдарынан, 1 қазан күні Чемпиондар лигасының 2-туры аясында өтетін байырғы клубы «Барселонамен» ойынға қатыспайды.

Дембеле өткен маусымда ПСЖ сапында жалпы 53 ойын өткізіп, 35 гол соғып, 16 ассист берді. Командамен бірге тарихи требл жасады. Қазіргі таңда «Алтын допты» жеңіп алуға басты үміткер ретінде есептеліп отыр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram