06.09.2025 22:52
Англия Андорраны тізе бүктірді
06.09.2025 22:52
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Англия Андоррадан басым түсті
Бирмингемдегі «Вилла Парк» стадионында өткен кездесуде алаң иелері еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Матчтағы алғашқы голды 25-минутта Андорра қорғаушысы Кристиан Гарсия өз қақпасына соғып алды. Ал 67-минутта Деклан Райс Рис Джеймстың асырған пасын голмен түйіндеді. Нәтижесінде Англия 2:0 есебімен кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Төрт ойыннан кейін қақпасына бірде-бір гол жібермей 12 ұпай еншілеген «үш арыстандар» К тобында жеке дара көш бастады. Сондай-ақ, топта ағылшындардан бөлек Сербия, Латвия, Албания және Андорра құрамалары бар.
Томас Тухель шәкірттері келесі ойынын 9 қыркүйек күні Сербияға қарсы сырт алаңда өткізеді.