14.09.2025 12:25

Месси пенальти соға алмады

14.09.2025 12:25

АҚШ-тың MLS чемпионаты аясында «Интер Майами» түзде «Шарлотт» командасына есе жіберді

«Банк оф Америка Стэдиумда» өткен кездесуде 3:0 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында израильдық шаабуылшы Идан Токломати хет-трик авторы атанды.

Ал «Интер Майамидің» дүлдүлі Лионель Месси матчтың 32-минутында пенальтиді голға айналдыра алмады. 39 жастағы футболшы 11 метрлік айып добын паненка стилінде орындаған еді. Алайда, қақпашыдан айласын асыра алмады.

26 ойыннан кейін 46 ұпай жинаған Месси бастаған ұжым шығыс конференциясында 8-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram