10.09.2025 10:14
Месси үздік сұрмерген атанды
10.09.2025 10:14
Оңтүстік Америка бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталды
Нәтижесінде Лионель Месси турнирдің үздік сұрмергені атанды. Аргентина дүлдүлі бәсеке барысында жалпы сегіз голдың авторы атанды.
Одан бөлек үздік үштіктің қатарына жеті голдан соққан Колумбия құрамасының вингері Луис Диаз пен Боливия жартылай қорғаушысы Мигелито енді.
Еске салсақ, «альбиселесте» 14-турдан кейін мерзімінен бұрын әлем чемпионатына жолдама алып қойған еді.