02.12.2025 09:13

Матета клуб ауыстыруы мүмкін

02.12.2025 09:13

«Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матета клуб ауыстыруы мүмкін

Standard хабарлауынша, француз форварды Лондонның клубымен 2027 жылы аяқталатын келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келе алмай жатыр. Келіссөз сонау жазда басталған, бірақ әлі тараптар ортақ мәмілеге тоқтамапты. Соған қарағанда түбі ұзартылмайтын секілді.

Осыған дейін 28 жастағы ойыншыға «Милан» мен Англияның бірқатар клубы қызығушылық танытып отырғаны белгілі болған еді.

Айта кетейік, Матета АПЛ осы маусымында 13 ойында жеті гол соғып, сұрмергендер тізімінде үшінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram