02.12.2025 03:21
Джейми Варди дубль жасады
02.12.2025 03:21
Италия А Сериясының 13-турында «Кремонезе» сырт алаңда «Болоньяны» 3:1 есебімен жеңді

«Жолбарыстардың» екі голын 35 және 50-минутта Джейми Варди соқты.
Осылайша 38 жастағы шабуылшы соңғы 1,5 жылда алғаш рет дубль жасады. Бұған дейінгі қос добын былтыр 29 сәуірде Чемпионшипте «Престон» (3:0) қақпасына тоғытқан.
Айта кетейік, Варди Кремонаның клубына өткен жазда «Лестерден» келіп қосылған еді. Осы аралықта тоғыз матчқа қатысып, төрт гол соқты.