01.12.2025 23:32
АПЛ 13-турының үздіктері аталды
01.12.2025 23:32
WhoScored порталы Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан символикалық құрама жасақтады

Үздіктер қатарына алты түрлі клубтың ойыншылары кірді.
Қақпашы: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»);
Қорғаушылар: Льюис Холл, Мәлік Тиау (екеуі де – «Ньюкасл»), Натан Коллинз («Брентфорд»), Кенни Тете («Фулхэм»);
Жартылай қорғаушылар: Коди Гакпо («Ливерпуль»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Льюис Майли («Ньюкасл»), Данго Уаттара («Брентфорд»);
Шабуылшылар: Ник Вольтемаде («Ньюкасл»), Игор Тиаго («Брентфорд»).
Айта кетейік, 13 турдан кейін турнир кестесінде 30 ұпай жинаған «Арсенал» көш бастап тұр.