01.12.2025 21:02

Мессиге шабуыл жасаған

01.12.2025 21:02

Аргентинада Месси мүсінін вандалдар зақымдады

Аргентинада аты аңызға айналған шабуылшы Лионель Мессидің мүсінін тағы да белгісіз біреулер бүлдірді.

Diario Registrado хабарлауынша, оқиға жексенбі күні таңертең болған. Мар-дель-Плата қаласының орталығында, El Nuevo Mundial барының жанында орналасқан мүсінді екіге бөліп тастаған. Басы мен денесін мүсіннің аяғының түбіне жатқызып кеткен.

Месси мүсіні 2018 жылы орнатылған және ол бұған дейін де вандализмнен кейін қалпына келтірілген. Бір жылдан астам уақыт бұрын мүсіннің басына зақым келтірген еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram