01.12.2025 20:14
Душан Влахович қатардан шықты
01.12.2025 20:14
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович Италия А Сериясының 13-турындағы «Кальяриге» қарсы ойында жарақат алған еді

Осыған байланысты серб форварды бүгін медициналық тексерістен өтіпті. Нәтижесінде сол аяғының бұлшық еті айтарлықтай зақымдалғаны белгілі болды.
Душан енді шамамен 5-6 апта ойнай алмайды деп күтілуде. Ал нақты қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Бұл оның мансабындағы 16-жарақаты болды. Бұған дейін 268 күні емделуге кетіп, 36 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 17 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.