01.12.2025 22:00

Мусиала қатарға оралды

01.12.2025 22:00

«Бавария» жартылай қорғаушысы Жамал Мусиала қатарға оралды

22 жастағы неміс бүгін жеке жаттығу жасады.

Осыған дейін Мусиала 5 шілде күні өткен Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты аясындағы ПСЖ-ға қарсы ойында тобығын шығарып, кіші жілігін сындырып алған еді. Содан бері ол алаңға шықпады.

Ал өткен маусымда жалпы 44 ойын өткізіп, 21 гол мен сегіз ассисттің авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram