01.12.2025 23:02
«Арсенал» сапына егіз футболшы қосылады
01.12.2025 23:02
«Индепенденьте дель Валье» ойыншылары Эдвин мен Хольгер Кинтер «Арсеналға» ауысатын болды

Лондонның клубы 16 жастағы эквадорлық егізбен келісімге келді. Өрендер осы аптада келісімшартқа қол қояды. Ал қатарға кәмелет жасына толғанда, яғни 2027 жылы қосылады екен.
Айта кетейік, 13 турдан кейін 30 ұпай жинаған «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр.