02.12.2025 00:52

«Ливерпуль» Камавингаға көз тікті

02.12.2025 00:52

«Ливерпуль» Камавинганы қатарына қосуды көздейді

CaughtOffside басылымының мәліметінше, «Реал Мадрид» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавинга жақын уақытта Англия Премьер-лигасына ауысуы мүмкін. Франция құрамасының ойыншысына «Ливерпуль» ерекше қызығушылық танытып отыр.

Дереккөзге сәйкес, «қызылдар» Камавинга үшін «Реалға» 60 миллион еуроға жуық қаржы төлеуге дайын. 23 жастағы жартылай қорғаушы қазіргі маусымда негізгі құрамнан жиі көрінбей жүр. Камавинга Ла Лигада бар болғаны төрт рет ғана негізгі құрамға іліккен.

Биылғы маусымда француз ойыншысы барлық турнирлерді қоса есептегенде 14 матчқа қатысып, 1 гол соғып және 1 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram