02.12.2025 08:51

Рамос Еуропаның топ-клубына ауысуы мүмкін

02.12.2025 08:51

«Монтеррей» қорғаушысы Серхио Рамос мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

MilanNews хабарлауынша, 38 жастағы ойыншыны «Милан» қатарына еркін агент ретінде қосып алмақ. «Россонери» Лука Модрич пен Серхио Рамостың басын қайта біріктіргісі келеді екен.

Осыған дейін Испания құрамасының бұрынғы капитаны 31 желтоқсанда аяқталатын Мексика клубымен келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді. Соған байланысты оның агенті клуб іздеп жатыр.

Айта кетейік, Рамос «Монтеррей» намысын ақпан айынан бері қорғап келеді. Оған дейін «Реал», ПСЖ және «Севильяда» тер төккен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram