27.07.2026 18:04

«Манчестер Сити» Родридің бағасын бекітті

27.07.2026 18:04

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри клуб ауыстыруға жақын

RMC Sport хабарлауынша, Родри үшін таласқа «Реалдың» жанына ресми түрде «Барселона» мен ПСЖ қосылды.

Ал Mundo Deportivo мәліметінше, «Манчестер Сити» 2024 жылғы «Алтын доп» иегерін 80 миллион еуроға бағалап отыр, бірақ «қалалықтар» әлі де Родриді сақтап қалғысы келеді. «Манчестер Сити» оған сәуір айында «майлы» келісімшарт ұсынып қойған. Енді соңғы сөзді футболшының өзі айтады.

Бұған дейін «Реалдың» Родри үшін 50-60 миллион еуро көлемінде ұсыныс жолдауға дайындалып жатқаны белгілі болған еді.

Еске салайық, 30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram