27.07.2026 15:26
Артём Довбик «Болоньяға» жалға барады
27.07.2026 15:26
Артём Довбик «Болоньяға» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «россоблу» 29 жастағы украиналық шабуылшыны «Ромадан» бір маусымға жалға алады. Довбик ертең медициналық тексерістен өтеді.
Осыған дейін «Болонья» форварды Сантьяго Кастроның «Ромаға» кететіні хабарланған еді.
Довбик Римнің клубына 2024 жылы «Жиронадан» 41,1 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда жарақатына байланысты тек 18 матчқа қатысып, үш гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.