27.07.2026 14:11

«Реал» Родри үшін ұсыныс жолдауға дайын

27.07.2026 14:11

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, Мадридтің клубы жақында Родри үшін «Манчестер Ситиге» алғашқы ұсынысын жолдайды. Оның құны 50-60 миллион еуроның шамасында болады. «Бланкос» футболшының өзімен 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келіп қойған.

Осыған дейін Родридің арқасына ота жасалатыны белгілі болған еді. Ал ол Мадридтегі емханада болады екен.

30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанып, «Алтын доп» алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram