27.07.2026 17:15
ПСЖ Ферран Торреске келісімшарт ұсынбақ
27.07.2026 17:15
«Барселона» шабуылшысы Ферран Торрес ПСЖ-ға ауысуы мүмкін

Sport хабарлауынша, Париждің клубы оған жақында 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынбақ. Ал жалақысы «Барселонада» алатынынан көп болады екен.
«Блауграна» 26 жастағы испаниялық форвардты 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 55 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 49 матчта 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.