27.07.2026 17:39
Дарвин Нуньес Португалияға оралуы мүмкін
27.07.2026 17:39
«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес осы жазда клуб ауыстыруы әбден мүмкін

Sport хабарлауынша, ол Португалияға оралып, «Бенфика» немесе «Портудың» жейдесін киюі мүмкін. Сондай-ақ Дарвинге «Аталанта» мен «Бешикташ» ұсыныс жасаған екен, бірақ Нуньес екеуін де қабылдамады. Ал «Барселона» жай ғана қызығушылық танытуда.
Нуньес Саудияның клубына 2025 жылдың жазында «Ливерпульден» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы уругвайлық форвард өткен маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Нуньес 2020-2022 жылдары аралығында «Бенфика» намысын қорғаған.