01.05.2026 21:02
«Манчестер Сити» ойыншысы «Эвертонға» ауысуы мүмкін
01.05.2026 21:02
«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз «Эвертонға» оралуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы 31 жастағы англиялық ойыншыны алдағы жазда еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді.
Одан бөлек оған «Бавария», «Интер», «Монако», «Марсель» және «Рексэм» қызығушылық танытуда.
Стоунз «қалалықтар» сапына 2016 жылы дәл осы «Эвертоннан» 55,6 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 16 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Сондай-ақ Джон 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, Манчестер клубынан кетеді.