01.05.2026 20:24
«Челси» ойыншысы Чемпионшип клубына ауысуы мүмкін
01.05.2026 20:24
«Челси» шабуылшысы Лиам Делап клуб ауыстыруы мүмкін

Sports Boom хабарлауынша, 23 жастағы англиялық форвард бұрынғы клубы «Ипсвич Таунға» оралуы мүмкін. Бірақ бұл «тракторшылар» Ағылшын Премьер-лигасына шыққан жағдайда ғана болады екен.
Одан бөлек оған «Ньюкасл» мен «Эвертон» қызығушылық танытып отыр.
Лондонның клубы Делапты 2025 жылдың жазында дәл осы «Ипсвичтен» 35,5 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 37 матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал 45 турдан кейін 81 ұпай жинаған «Ипсвич» Чемпионшипте екінші орында келеді және АПЛ-ге оралуға өте жақын.