01.05.2026 16:41

Гордон «Баварияға» ауысуы мүмкін

01.05.2026 16:41

«Ньюкасл» вингері Энтони Гордон «Баварияға» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романо мен Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, қос тарап ақпан айынан бері келіссөз жүргізіп жатыр. Мюнхен клубының бас бапкері Венсан Компани Гордонды өз командасында көргісі келеді.

Одан бөлек Энтониге Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар клубы көз тігіп отыр. Сондай-ақ «Бавария» да Гордоннан басқа екі вингерге қызығушылық танытуда.

Осыған дейін The Telegraph «Ньюкасл» басты жұлдызын 80 миллион фунт стерлингке (92,8 миллион еуро) бағалайтынын жазған еді.

25 жастағы англиялық вингер «сауысқандар» сапына 2023 жылы «Эвертоннан» 45,6 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 46 матчта 17 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 2030 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram