01.05.2026 13:55
«Ювентус» ойыншысы клубтан кетеді
01.05.2026 13:55
«Ювентус» жартылай қорғаушысы Филип Костич жазда клубтан кетеді

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
33 жастағы сербиялық ойыншы Туриннің клубына 2022 жылы «Айнтрахттан» 14,7 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 23 матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.