01.05.2026 12:29

Францияның үздік ойыншысы атануға үміткерлер белгілі болды

01.05.2026 12:29

«Шетелде ойнайтын үздік француз» жүлдесіне үміткерлер белгілі болды

Мұны Франция кәсіби футболшыларының ұлттық қауымдастығы (UNFP) табыстайды.

Осы маусым қорытындысы бойынша марапат үшін бес футболшы таласады. Номинациядан дәмелі үздіктер қатарында Райан Шерки («Манчестер Сити»), Уго Экитике («Ливерпуль»), Килиан Мбаппе («Реал»), Майкл Олисе («Бавария») және Уильям Салиба («Арсенал») бар.

Былтыр бұл аталым бойынша «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе топ жарған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram