01.05.2026 11:38
«Ливерпульден» бір ойыншы кетеді
01.05.2026 11:38
«Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Кёртис Джонс жазда клубтан кетуі мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, клуб пен футболшы арасындағы бірнеше ай бойы жалғасып келе жатқан жаңа келісімшарт жөніндегі келіссөз тым ұзап кетті. Бірақ әлі де бір мәмілеге келе алмай жатыр.
Осы тұста 25 жастағы англиялық ойыншыға «Интер» қызығушылық танытуда және келіссөзге дайын. Сондай-ақ Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар клубы оны бақылап отыр екен.
Джонс – Мерсисайд клубының түлегі. Ол осы маусымда 45 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.