01.05.2026 11:24

Бернарду Силва «Барселонаны» таңдады

01.05.2026 11:24

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва мансабын «Барселонада» жалғауға ниетті

Diario Sport хабарлауынша, ол басқа клубтардан түскен ұсыныстарды қарастырмай, «Барселонаны» соңына дейін күтуге дайын. Ал «блауграна» Силваға «құда түсуге» асықпайды. Футболшының агенті Каталония клубын тезірек әрекет жасауға көндіру үшін барын салып жатыр.

Одан бөлек Силваға көз тіккендердің қатарында «Арсенал», «Ювентус», «Милан», «Бенфика», «Галатасарай» және «Фламенго» бар.

Силва 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, жазда «қалалықтар» сапынан кететінін хабарлаған еді. Ол осы маусымда 47 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram