01.05.2026 02:11

«Брага» жеңісті жұлып әкетті

01.05.2026 02:11

Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Брага» өз алаңында «Фрайбургтан» басым түсті

Португалияда өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында 8-минутта Демир Эге Тикназ есеп ашса, 16-минутта Винченцо Грифо таразы басын теңестірді. Ал жеңіс голын Марго Доргелес 90+2-минутта соқтыды.

Қарымта ойын 7 мамыр күні Германияда болады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram