30.04.2026 19:05

Дембеле Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды

30.04.2026 19:05

ПСЖ вингері Осман Дембеле Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды

28 жастағы француз форварды «Баварияға» (5:4) қарсы жартылай финалдың алғашқы матчында екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманнды артқа тастады.

Осман осы маусымда 35 матчта 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram