30.04.2026 14:21

Хулиан Альварестің жағдайы белгілі болды

30.04.2026 14:21

«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварестің жағдайы белгілі болды

Ол Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Арсеналға» (1:1) қарсы бірінші матчта тобығын зақымдап алып, 77-минутта алаңнан кеткен еді.

Бірақ бас бапкер Диего Симеоненің айтуынша, оның бұл жарақаты анау ойлағандай ауыр емес және Хулиан келесі аптада Лондонда өтетін қарымта матчқа қатысады. Сондай-ақ тайм арасында ауысып кеткен баласы Джулиано Симеоне де сақадай сай екен.

Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтетін қарымта кездесу 5 мамырға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram