30.04.2026 10:23
ПСЖ-ның екі ойыншысы қатардан шықты
30.04.2026 10:23
ПСЖ ойыншылары Ашраф Хакими мен Люка Шевалье қатардан шықты

27 жастағы марокколық қорғаушы Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Баварияға» (5:4) қарсы бірінші матчта бұлшық етін зақымдап алыпты. Ал 24 жастағы француз голкипері кеше таңғы жаттығуда оң аяғының санынан жарақат алған.
Осыған байланысты екеуі де 6 мамыр күні өтетін «Баварияға» қарсы Мюнхендегі қарымта ойынға қатыспайды. Бірақ Хакими Әлем чемпионатына дейін қатарға оралады, ал Шевальенің мундиальға қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.