30.04.2026 09:45
Хулиан Альварес Мессидің рекордын бұзды
30.04.2026 09:45
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес рекорд орнатты

26 жастағы форвард Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Арсеналға» (1:1) қарсы бірінші кездесуде 56-минутта пенальтиден гол соғып, есепті теңестірді.
Осылайша ол турнирде 25 голды ең жылдам соққан аргентиналық футболшы атанды. Оған бұл межені бағындыру үшін 41 матч жеткілікті болды. Бұған дейінгі рекорд 25 голды 42 ойында рәсімдеген Лионель Мессиге тиесілі болған еді.
Альварес Мадридтің клубына 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға ауысып келген. Ол осы маусымда 48 матчта 20 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.