30.04.2026 09:17
Дьокереш тарихи нәтиже тіркеді
30.04.2026 09:17
«Арсенал» шабуылшысы Виктор Дьокереш тарихи нәтиже тіркеді

Ол Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Атлетикоға» (1:1) қарсы бірінші матчта 44-минутта пенальтиден есеп ашты.
Осылайша ол турнирдің жартылай финалында гол соққан алғашқы швед атанды.
27 жастағы форвард Лондонның клубына өткен жазда «Спортингтен» 66,9 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 49 матчта 19 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.