29.04.2026 21:03
Мудрик төрт жылға шеттетілді
29.04.2026 21:03
FA «Челси» вингері Михайло Мудрикті жазалады

Оған допинг қолданды деген айып тағылды және осыған байланысты төрт жылға футболдан шеттетілді. Мудриктің өкілдері мұнымен келіспей, CAS-қа шағым түсірді. Егер бұл нәтиже бермесе, Михайло 2028 жылдың желтоқсан айына дейін ойнамайды.
25 жастағы украиналық ойыншы соңғы рет алаңға 2024 жылдың 28 қарашасында шыққан еді.