29.04.2026 17:36
Дибала «Бока Хуниорсқа» ауысады
29.04.2026 17:36
«Рома» шабуылшысы Пауло Дибала отанына оралады

ESPN хабарлауынша, 32 жастағы аргентиналық форвард «Бока Хуниорсқа» ауысуға жақын. Қос тарап алдын-ала сөз байласып қойыпты. Енді Пауло 30 маусымда келісімшарты аяқталған соң, «көк-алтындардың» қатарына қосылады.
Осыған дейін ол «Бока Хуниорсқа» ауысқысы келетінін және сондағы досы Леандро Паредеспен бір клубта ойнауды қалайтынын айтқан еді.
Дибала «Ромаға» 2022 жылы «Ювентустен» еркін агент ретінде ауысып келген. Ол осы маусымда 23 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.