29.04.2026 12:44
Куртуа Эль-Класикоға қатысады
29.04.2026 12:44
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуаның жағдайы белгілі болды

Marca хабарлауынша, ол 10 мамыр күні өтетін «Барселонаға» қарсы матчқа дайын болады. Тибо жақында командамен жаттығуға қосылады екен.
Куртуа осыған дейін 17 наурыз күні Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Манчестер Ситиге» қарсы қарымта матчтың алдында бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамады.
33 жастағы бельгиялық голкипер осы маусымда 41 матчта 39 гол өткізіп, 15 ойында қақпасына доп жібермеді.