29.04.2026 09:53
ПСЖ-дан бір ойыншы кетуі мүмкін
29.04.2026 09:53
ПСЖ қақпашысы Люка Шевалье жазда клубтан кетуі мүмкін

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзбақ. Ал Footmercato хабарлауынша, оған «Тоттенхэм» қызығушылық танытып отыр.
Париждің клубы 24 жастағы француз голкиперін өткен жазда «Лилльден» 40 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 26 матчта 28 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.