29.04.2026 09:20

Хаверц «Атлетикоға» қарсы ойнамайды

29.04.2026 09:20

Бүгін, 29 сәуірде Чемпиондар лигасы жартылай финалының бірінші матчында «Арсенал» «Атлетикоға» қонаққа барады

Мадридте өтетін матчқа Ағылшын Премьер-лигасының 34-турындағы «Ньюкаслға» (1:0) қарсы ойында бұлшық етін зақымдап алған Лондон клубының шабуылшысы Кай Хаверц қатыспайды. Ал тура осындай жарақаты бар Эберечи Эзе алаңға шығуға дайын. Мұны бас бапкер Микель Артета растады.

00:00-де басталатын кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram