29.04.2026 08:53

Луис Энрике рекорд орнатты

29.04.2026 08:53

Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында ПСЖ өз алаңында «Баварияны» 5:4 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчта Париж клубының бас бапкері Луис Энрике турнирде 50 жеңіске ең жылдам жеткен бапкер атанды. 55 жастағы испан маманы үшін бұл нәтижені тіркеуге 77 матч қажет болды. Ал бұған дейінгі рекорд Пеп Гвардиолаға (80 матч) тиесілі еді.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 6 мамыр күні Мюнхенде өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram