29.04.2026 02:17
Дембеле матчтың үздік ойыншысы атанды
29.04.2026 02:17
Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы ПСЖ – «Бавария» (5:4) арасындағы бірінші матчтың үздік ойыншысы белгілі болды

Ол екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген Осман Дембеле атанды. 28 жастағы француз форварды одан бөлек қалған екі голдың соғылуына да өз үлесін қосты.
Былтырғы «Алтын доп» иегері осы маусымда 35 матчта 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.