29.04.2026 11:46
Кварацхелия рекорд орнатты
29.04.2026 11:46
ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия рекорд орнатты

25 жастағы грузиялық ойыншы Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы «Баварияға» (5:4) қарсы бірінші матчта дубль жасады.
Осылайша Хвича турнирдің бір маусымында «гол+пас» жүйесі бойынша 15 (10 гол + 5 ассист) ұпай жинаған ПСЖ тарихындағы алғашқы ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекорд былтыр сегіз гол соғып, алты нәтижелі пас берген Осман Дембелеге тиесілі еді.
Париждің клубы Кварацхелияны былтыр қаңтарда «Наполиден» 80 миллион еуроға сатып алған. Ол осы маусымда 43 матчта 18 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.