29.04.2026 10:58
Соланке үшін маусым аяқталды
29.04.2026 10:58
«Тоттенхэм» шабуылшысы Доминик Соланке жарақат алды

28 жастағы англиялық форвард Ағылшын Премьер-лигасының 34-турындағы «Вулверхэмптонға» (1:0) қарсы ойында сан бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты ол маусымның қалған ойындарына қатыспайды.
Соланке Лондонның клубына 2024 жылы «Борнмуттан» 64,3 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 20 матчқа қатысып, алты гол соқты.