29.04.2026 16:26

«Арсеналдан» бір ойыншы кетеді

29.04.2026 16:26

«Арсенал» вингері Леандро Троссард жақында клубтан кетуі мүмкін

Daily Arsenal журналисі Дэвид Шиллдің хабарлауынша, 31 жастағы бельгиялық ойыншы Лондон клубындағы соңғы апталарын өткізіп жатыр. Оған «Астон Вилла», «Боруссия» Дортмунд, «Галатасарай» және «Бешикташ» көз тігіп отыр екен.

«Зеңбірекшілер» Троссарды 2023 жылы «Брайтоннан» 24 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 44 матчта жеті гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram