29.04.2026 20:47

«Атлетико» – «Арсенал» матчының фавориті аталды

29.04.2026 20:47

Бүгін, 29 сәуірде Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Атлетико» «Арсеналды» қабылдайды

Opta порталының пайымдауынша, бұл матчта Лондон клубының басым түсу ықтималдығы 40.6%-ды құрайды. «Матрасшылардың» жеңісі болса 31.7%-ға бағаланған. Ал тең есеп тіркеледі деген болжамға 27.6% беріп тұр.

«Метропалитано» стадионында өтетін ойын сағат 00:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Қарымта кездесу 5 мамырға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram