30.04.2026 09:29
«Арсенал» өз рекордын қайталады
30.04.2026 09:29
Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында «Арсенал» сырт алаңда «Атлетикомен» (1:1) тең тарқасты

Осылайша «зеңбірекшілер» турнирдегі қатарынан 13-матчта жеңілмей, өз рекордын қайталады. Бұл – клуб тарихындағы ең ұзақ серия. Бұған дейін дәл осындай көрсеткіш 2005 жылдың наурызы мен 2006 жылдың сәуірі аралығында тіркелген еді.
Айта кетейік, қарымта матч 5 мамыр күні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.