01.05.2026 11:52
Флик «Барселонада» қалады
01.05.2026 11:52
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик клубпен келісімшартын ұзартады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, бұл Жоан Лапорта президент болып қайта сайланған кезде-ақ шешіліп қойыпты. Жаңа құжат 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады. Алайда бұған тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қосылуы мүмкін, агент Пини Захави осы бойынша келіссөз жүргізу үшін жақында «блауграна» басшылығымен кездеседі.
61 жастағы неміс маманы Каталония клубын 2024 жылдың жазынан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда Испания чемпионы (2024/25) атанып, Ел кубогын (2024/25) және екі мәрте Ел Суперкубогын (2024/25, 2025/26) жеңіп алды.
33 турдан кейін 85 ұпай жинаған «Барселона» Испания Ла Лигасында жеке-дара көш бастап тұр.